«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сай, «Жасампаздық – бәрімізге өнеге» айына сәйкес «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» тақырыбында М.Ауезов мектебінің IV сынып оқушылары арасында сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылар “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушы топтар нақыл сөздерге байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Мәселен, тірек сөздер арқылы және берілген оқиғалардың мәніне байланысты мақалды анықтап, нақыл сөздің жалғасын тауып, сирек қолданыстағы мақал-мәтелдің мағынасын ашты.
Ата-бабаларымыздың осы бір асыл мұрасын білу мақсатында өткізілген байқауда мектептің бастауыш сынып оқушылары қазақ ауыз әдебиетін пайдаланып, оны өмірде қолдануға бағыт алды. Оқушылар нақыл сөздердің көлемі қысқа болғанымен, айтар ойы, тәрбиелік мәні зор деген түйінге келді.