Округке жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округі әкімінің лауазымына Руслан Амирханов тағайындалды.

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаевтың 2019 жылғы 1 шілдедегі №305-Ө өкімімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 1 тармағының 4 тармақшасы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы заңының 30 бабының 1 тармағы, 61 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес Амирханов Руслан Тасмұратұлы Еңбекші ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған округ әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Р.Амирханов Еңбекші ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыс берудің нәтижелерімен жеңіске жеткен болатын. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 27 маусымдағы хаттамасы өкімге негіз ретінде алынған. Жаңа әкімнің қызметіне сәттілік тілеп, бірлескен жұмысымыз жалғасын таба береді деген сенім білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT