Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттары Мақаш ауылдық округі әкімін сайлады.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің қолдарынан сайлау бюлетеньдерін алған халық қалаулылары өз таңдауларын жасады.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бралиев дауыс берудің нәтижелері бойынша көпшілік дауыспен Мақаш ауылдық округінің әкімі болып 1978 жылы туған, тұрғылықты мекен-жайы Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылы, жоғары білімді, жеке кәсіпкер Кадыров Бауыржан Нурлыгалымовичтің сайланғандығын хабарлады.