Оқушылар соғыс ардагерлерімен кездесті

(0 Votes)

Б.Бегалиев мектебінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне орай майдангер ағаларымыздың ерліктерін паш ету мақсатында ауған, тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.  

5 сынып Молдағалиев Сағынғали ағамызбен кездессе, 7 сынып оқушылары Тәжік- Ауған соғысының ардагері Сапаров Максим, Молдағалиев Арман, Есаманов Нурболат ағаларымызбен кездесті.

Ағаларымыз ауған соғысында ерлікпен қаза тапқандар жөнінде естеліктерімен бөліссе, ардагерлер тарих беттерінде қатталған, он жылға созылған сұм соғыстын қасіретіне тоқталып өтіп, патриоттық тұрғыда әңгіме өрбітті.

Шара барысында 5 сынып оқушылары «Жауынгер хаты» өлеңін оқыды. Оқушылар ардагерлерімізге сұрақтар қойды. Әрбір шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар м.а Сания Куаншалиева сөз сөйлеп, жастарды өз елінің патриоты, отансүйгіш және батыл болуға шақырып, әлемде соғыс болмасын, ашық аспан астында, елімізде бейбітшілік болсын деп шараны қорытындылады. Кеш қонақтарына естелік сыйлықтар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT