Сафон ауылдық округінде аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу және дала-орман өрттерін сөндіру бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылдың 24-25 тамыз аралығында шекаралас аумақта өткізілген дала-орман өрттерін сөндіру бойынша трансшекаралық оқу-жаттығуы аясында ауданымыздың тарихы мен мәдениетін насихаттау бағытында “Қойнауы тарихқа толы мекен - Құрманғазы” тақырыбында музей жәдігерлерінен көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Дина Нұрпейісовадан бата алған күйші Мұхамедұлы Рысқалидың домбырасы, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық бұйымдар - ағаш, жез және теріден жасалған өнімдер коллекциясынан көрме жасақталып көпшілік назарына ұсынылды.
Музей экскурсоводы А.Жанғалиева таныстырған көрмені Ресей Федерациясы мен Атырау облысы және Құрманғазы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен департаменті қызметкерлері және аудан әкімшілігі мамандары тамашалады.