Офицер атанғыңыз келсе

(0 Votes)

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету, бастапқы кадрлық офицер мамандарды дайындау мақсатында, Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара академиясына жоғары әскери оқуға түскісі келетін үміткерлерді іріктеп-зерделеу жұмыстарын жүргіземіз.

Оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Жоғары әскери оқу орны мемлекет тарапынан жатын орынмен, 3 мезгілдік тамақпен, әскери киім-кешектермен, оқуға керекті құрал-жабдықтарымен түгелімен тегін қамтамасыз етеді. Ал, аталған оқу орынын тәмамдағандар офицерлік әскери жолын жалғастыру мақсатында міндетті түрде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бағытталады. Сонымен қатар Ресей Федерациясында орналасқан техникалық және тылдық маман-офицерлерді дайындау үшін 5 жылдық жоғары әскери оқу орындарына ұсынылады.

Әскери оқу орынына түсу үшін орта білімді, денсаулығы жарамды, физикалық тұрғыда тартымды, өзі және туыстары бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, біріңғай ұлттық тестіден ортақ балл көрсеткіші 65-тен жоғары болуы қажет. Ниет білдірушілерге 8778 268 33 69 ұялы телефонына хабарласу ұсынылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT