Одақ қатары екі мүшемен толықты

(0 Votes)

Қазақстан Журналистер Одағы Құрманғазы аудандық филиалы қатары тағы екі мүшемен толықты. Газетіміздің бас редакторы Айнагүл Шакупова «Серпер» газетінің екінші дәрежелі мамандары Еркеназ Қалижан мен Жайдарлым Қайреденге сонау Астанадан жеткен одаққа мүшелік билет пен өңірбелгіні ұжым алдында салтанатты жағдайда табыстады.

Еркеназ балауса жырларымен газет оқырмандарына бұрыннан таныс. Жаста болса «Жарқыл», «Тарту» атты атты жыр жинақтарының авторы. Бүгінде өзінің шығармашылығымен, журналистикалық қызметімен жарқырай көрініп келе жатқан  жас маман аудан жаңалықтарын оқырмандарына жалықпай жеткізіп, ұрпақ мәселесі, жастар тәрбиесі, ана тілінің болашағы, туған жер тарихы, өлкетану туралы қалам тербеп,  білім беру ісіндегі, денсаулық, ауыл шаруашылығы саласындағы көкейкесті проблемаларды көтере алатын қаламының қарымын анық байқатып келеді.

erkenaz-pressa

Жайдарлым студент кезінде-ақ Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз хатшысы болды. Кейіннен «Caspian News» телеарнасының жаңалықтар бөліміне тілші болып қабылданды. Жас тележурналистің елді елең еткізер жаңалықтары, тарқатып айтқан түйінді мәселелері көрермен тарапынан жақсы бағасын алып отырды. «Имам уақыты», «Бүгінгі тақырып» бағдарламаларына, «Дін және қоғам» ток-шоуына редакторлық жасады. Әлеуметтік желілердегі маркетинг (SMM)   мамандығын өте жақсы меңгерген. Жаңаша ойлайтын жас маман «Серпер» газетінің сан-салалы бағытына өзгеше леп әкелді.

zhajdok-pressa

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT