Одаққа бірігудің ықпалы орасан

(1 Vote)

Аудан экономикасының дамуында ауыл шаруашылығының қосып жатқан үлес-салмағы айтарлықтай.

Солай дегенмен де бұл саланың да өзіне тән қиындықтары бар екені жасырын емес. Қордаланып қалған мәселелерді бірлесіп шешу үшін 2020 жылдың басында ата кәсіптен нәсібін тауып отырған ауылдағы шаруагерлер Қазақстанның фермерлер одағына кіріп, жергілікті жерден филиалын ашқан болатын. Оның төрағалығына қазақтың ақбас сиырын бағып-өсіруде бірқатар жетістіктерге қол жеткізген шаруа қожалығының иесі Есболат Құбашев сайланған болатын. Жақында жаңа ұйым жыл ішіндегі жұмысын қорытындылап, алдағы атқарылар істердің ауқымын айқындап, ортақ міндет, бірегей мәселе төңірегінде талқылаған жиынын өткізді.

sharuashyly2

Оның күн тәртібіндегі мәселеге орай Е.Құбашев фермерлер одағының жұмысына баға бере келіп, оның ықпалды күшке айналып келе жатқанына тоқталды. Оған мүшелердің қатарын көбейту арқылы ортақ проблемаларды бірлесіп шешудің болашағы зор екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұрат Сармановтың облыс орталығында өкізген басқосуында айтылған мәселелерге тоқталды. Нақтылай кетсек, шаруашылық жетекшілеріне ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер, тың жаңалықтар дер кезінде жеткізіп отыру, шаруашылықтарда несиелік, лизингілік жеңілдіктер алу, өнім өндіру мен оларды өткізу жолдары, ұзын сабақты жем-шөп дайындаудағы субсидияларға қол жеткізу, асыл тұқымды мал өсіру бағытындағы жұмыстар жайлы сөз қозғады.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Руслан Сәуменов мал басын асылдандырудың, жерді пайдаланудың технологиясының сақталуы, жердің тозбауы үшін оны демалдырып пайдалану, егін шаруашылығынан мол өнім алу мақсатында жылыжайлар салу сияқты мәселелерді қаперге берді.

sharuashyly

Жиын соңында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрболат Тілепбергеновке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, Сүйіндік ауылдық округінен шаруа қожалығы иесі Рапих Валиев, «Сандуғаш» шаруа қожалығының қызметкері Дәурен Жандыбаев Қазақстан фермерлер қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT