Атырауда алғаш рет AMANAT партиясы мүшелері арасында футзалдан өткен облыстық турнирде ауданымыздың командасы жеңімпаз атанды. Партияның 25 жылдығына орай партия мүшелері арасында «AMANAT CUP» кіші аяқ доп жарасына сегіз команда қатысты.
- Әр партияның негізгі құрылымы – бастауыш партиялары. Осыған орай бастауыш партия ұйымдарының арасында арнайы спорттық спартакиадасын ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта осындай жарыс түрлерін дәстүрлі түрде өткіземіз. Жалпы осы жылға бастауыш партиялар арасында форумдар және оқыту курстарын өткізу жоспарлануда, - деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.
Жарыстың қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданы филиалының командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, ІІ орынды Қызылқоға, ІІІ орынды Мақат ауданының филиалы иеленді. «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» номинацияаларымен аудан командасының ойыншылары, партия мүшелері Әнуарбек Сәбитов, Нұрдәулет Дәрелов марапатталды.
Өз тілшіміз