Облыстық турнирден - үшінші орын

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ардагер қыз-келіншектердің арасында баскетболдан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Маңғыстау облысы Бейнеу, Атырау облысының  Атырау қаласы, Жылыой, Исатай, Құрманғазы ауданының командалары қатысты. Барлығы 6 командада 70-ке жуық спортшы бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Жылыой ауданының командасы иеленді. ІІ орын Бейнеу ауданына тисе, ІІІ орынды құрманғазылықтар еншіледі. Қызықты да тартысты өткен ойындардың қорытындысымен Гүлфара Исахаева (Жылыой) – «Үздік ойыншы», Алмагүл Қалиева (Құрманғазы) – «Үздік ардагер спортшы», Асухан Марқабасова (Бейнеу) – «Үздік сұр мерген», Әлия Сапарова (Атырау) – «Үздік шабуылшы», Анар Қарасакова (Бейнеу) – «Үздік қорғаушы», Нұрлы Супуғалиева (Құрманғазы), Гүлжаухар Нысанбаева (Жылыой) – «Үздік техникасы үшін» аталымдарын иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT