Облыстық кезеңнің жеңімпаздары

(0 Votes)

Атырау облысы Білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” іс-шаралар жоспарына сәйкес қашықтық форматта өткен театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.

Фестиваль-байқаудың мақсаты – жастарды рухани-адамгершілікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу, театр өнерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және жаңа таланттарды анықтау.

Байқауға 8–17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысып, 15–20 минуттық бейнеролик түріндегі қойылымдарын ұсынды.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін режиссерлік шешімнің бірегейлігіне, актерлік шеберлігіне, сахналық бейнесіне және көркемдік безендірілуіне қарай 10 балдық жүйемен бағалады.

Нәтижесінде Құрманғазы аудандық Оқушылар үйі жанынан құрылған «Қуыршақ» театры жеңімпаз атанса, 2-орын ауданымыздың Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің «Жас талант» театры иеленді. Жүлделі 3 орынды – Атырау қаласы Абай атындағы оқушылар орталығының «Театр тарландары» театры місе тұтты. Сонымен қатар, өзге қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Оның қатарында ауданымыздың Абай атындағы жалпы орта мектебі жанынан құрылған “Бойтұмар” театры да бар.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT