Абай атындағы орта мектептің 8 «г» сыныбының оқушысы Мықтыбек Бақдәулет Алмазұлы болашағынан үлкен үміт күттірер шәкірттердің бірі.
Жақында Атырау қаласында өткен облыстық Ілияс оқуларының «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша бақ сынап, ІІ орыннан көрінді. Бұған дейін облыстық ғылыми жобалар сайысынан Алғыс хат иеленсе, республикалық «Pro Eco» экологиялық жобалар конкурсының «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын алды.Еліміз бойынша өтетіндіктен, бұл да жақсы көрсеткіш. Облыстық әскери бағыт бойынша жобалар сайысында жүлделі І орынға жайғасты. Атырау облыстық «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтары арасында облыстық көрме сайысында да І орын иемденді. Осындай сегіз қырлы, бір сырлы болып өсіп келе жатқан бүлдіршінге алар асуларың көп болсын, жеңісті жолдарың жалғасын тапсын деген тілектеміз.