Театр - қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын бірден бір жол. Әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым - қатынастарды тірілтеді.
Театр өнері көрерменнің өмірге, қоғам тыныс - тіршілігіне деген өзгеше көзқарасын қалыптастырады. Бүгін де сол театр өнерін өздеріне жалау еткен Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің «Нұршуақ» балалар және жасөспірімдер театрының мүшелері облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне жетекшісі Мария Болатқызының дайындауымен «Сәулелі үміт» драмалық қойылымымен қатысып, жүлделі орынды иеленді.
Театр өнері жолында алдына жан салмай қызмет етіп келе жатырған мектебіміздің ұстазы Мария Болатқызына ризашылығымызды білдіріп, жас әртістерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!