ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН ТАБЫС ЕТТІ

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев мерейлі елу жасқа толуына орай аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміровті қабылдап құрмет көрсетті.

Қабылдауға округ әкімдері, бөлімдер мен мекемелер басшылары қатысты. Мерейгерді құттықтап, өмірбаянымен, ел үшін еткен еңбегімен таныстырып өткен Қайрат Талапұлы:

– Әріптесіміз Жандос Мнафихұлы есімі облысымызға, ауданымызға кеңінен танымал сыйлы азамат. Саналы ғұмырын туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнап, халықпен жақсы қарым-қатынасының арқасында үлкен абырой-беделге ие болды. Қандай саланы да жақсы біледі. 2013 жылдан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына зор үлес қосып келеді, - деп, ізгі тілегін жеткізіп Атырау облысының Құрмет грамотасын табыс етті.

img_8528

img_8530

Сонымен қатар аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлын «Құрмет» орденін, аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаевты «Ерен еңбегі үшін» медалін алуымен құттықтады.

Одан әрі аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, аудандық салық басқармасының басшысы Нұрлан Харесов, округ әкімдері атынан Ақкөл, Еңбекші ауылдық округтерінің әкімдері Бейсембай Рамазанов, Руслан Әмірханов, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және қаржы, кәсіпкерлік және туризм бөлімдерінің басшылары Руслан Сәуменов, Гүлнар Хасанова, Қайсар Мақсотов Жандос Мнафихұлының аудан үшін сіңірген еңбегін, адамгершілік қасиеттерін, қарапайымдылығын ерекше атап өтіп,отбасыңыз аман болсын деген ақ жарма тілектерін арнап, құттықтау хаттарын ұсынды.

img_8532

img_8536

Соңында мерейгер Ж. Бектеміров: – Бұл жасқа толмастан бірнеше күн бұрын «Фейсбук» әлеуметтік желісінде құттықтап пост жазған азаматтарға да алғыс айтамын. Оны оқып бәрі құттықтап жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге туған күнін тойлауға рұқсат етілмейтіндіктен мерейжасымды атап өткен жоқпын. Менің жеткен жетістіктерімнің бәрі сіздердің арқаларыңыз. Алғашқы еңбек жолымды бастағанда басшым болған, Атырау қаласында тұратын Хатим Үмталиев ағамыз да құттықтады. Ол кісіден көп нәрсені үйрендім. Әуелі құдайдың, сосын әке-шешемнің берген тәрбиесі арқасында барша халықпен, әріптестеріммен жақсы қарым-қатынаста болуға тырыстым. Ел игілігі үшін алға қарай қолымнан келгенінше қызмет жасай беремін, - деп аудан әкімі Қайрат Талапұлына 50 жасқа толуына орай қабылдау ұйымдастырып жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

img_8538

img_8539

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT