Облыстық әйелдер форумы өтті

(0 Votes)

Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-ның қолдауымен «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның ұйымдастыруымен «АБАЙ» орталығында «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» атты облыстық әйелдер форумы өткізілді.

Оған ауданымыздан түрлі салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бір топ нәзік жандылар қатысып қайтты. Форумның  басты мақсаты – отбасындағы және қоғамдағы әйел рөлінің маңызын дәріптеу, кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің, анасының, әжесінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беру, қоғамда белең алған әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың, әйел құқығыныңтапталуының алдын алуға ықпал жасау.   

 Форумда республика және облыс көлемінде танымал блогерлер, психологтар, журналистер, жазушылар, дінтанушы мамандар спикер ретінде қатысып, еркін форматта пікір алмасты.
Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Көшқалиев форумға сәттілік тілесе, «Діндер тарихы» мамандығы бойынша Phd докторант, "Қазақ даласындағы ислам тарихы" кітабының авторы Ернар Абзалов шараның тақырыбы мен маңыздылығына мән берді.

Алматы қаласынан келген құрметті қонақ,  «Анаға құрмет» музейінің директоры Аршагүл Тойбаева, Қазақстан қажылар қауымдастығының Атырау облысы бойынша әйелдер бөлімінің, төрайымы Жұмагүл Дюсемалиева және «Кимешек» коллекциясы этно-дизайнері, «Өмеш» өнер мектебінің директоры Айнаш Рыскельдинованың дизайнерлік жұмыстарының көрсетілімі өткізіліп, ұлттық бас киім – кимешекті насихаттауға айрықша көңіл бөлініп,  ұсыныстар айтылды. Айта кетейік, мысалы, “Зейнеп” кимешегі бағасы бес биеге татитынын, алтын жақты кимешек және қасаба бас киімде 18 грамм алтын тиын бар екенін дизайнерлер атап өтті. Бұл қазақ әйелінің бас киімінің құндылығын көрсетеді.

Бұдан кейін, спикерлердің тақырып аясында баяндамалары тыңдалды. Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Омарова - «БЕРІК ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ», «Дәстүрге жол – Қазақ аналары» Республикалық қоғам бірлестігі Атырау облыстық филиалының жетекшісі Жанар Төрениязқызы - «КИМЕШЕГІМ – КИЕЛІМ», Атырау «Қарақат» мектеп студиясының директоры Эльвира Батырқызы - «БАЛА ТӘРБИЕСІ- ӘЙЕЛ МІНДЕТІ», “Айкөркем”, “Райымбек” шаруа қожалықтарының басшысы Назерке Кусесова  - «ҚОҒАМДАҒЫ, ОТБАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ РӨЛІ», Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің бас сарапшысы, психолог Гүлжан Қалдарбекқызы - «РУХАНИ ДАМУДЫҢ ӘЙЕЛ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ», Психолог, жазушы  Динара Болатқызы  - «ЗАМАНАУИ  ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыптарында өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

jelder-forumy

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT