Өзге ұлт өкілдері арасында "Поэзия кеші" өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округі аналар кеңесі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасымен бірлесіп 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған өзге ұлт өкілдері арасында "Біз біргеміз" атты қазақ ақын жазушыларының өлеңдерін жатқа айтуға арналған поэзия кеші өткізді.

Шаранының алғашқы құттықтау сөзін М.Әуезов жалпы орта мектебінің тәрбие- ісі жөніндегі директордың орынбасары Дана Нұрғалиева ашты. Ал Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары " Біз біргеміз" әдеби - композиция түрінде өлеңдерді кезектесіп оқыса, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың " Ғылым таппай мақтанба" Қадыр Мырза Әлінің "Ана тілім арым бұл"Филипова Ангелина Несіпбек Айтұлының " Ана тілім" Афанасьева Анастасия Мұқағали Мақатаевтың " Отан туралы" Литвененко Снежанна т.б.қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтты.

Шара соңында Құрманғазы ауылдық округінің маманы Қабдешова Азиза қатысушыларды мерекемен құттықтау сөзін жолдаса аналар кеңесінің төрайымы Тукестаева Гаукария қатысқан оқушыларға алғыс хатты табыстап шараға қатысушы ұстаздарды кітапханашыларды, көрермендерді, анала р кенесінің мүшелерін мерекемен құттықтап ризашылығын білдірді. Шара соңында Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен аяқтады.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT