Оқыту жүйесіндегі олқылықтар оңтайландырылады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында пандемия кезіндегі қашықтан оқыту мәселесіне де тоқталды.

Оны ұйымдастыруда Үкіметтің қателік жібергенін айтты. «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар «WhatsApp» күні-түні бас көтермеді. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажет функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керек», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қауіпті дерт айтып келген жоқ. Мұндай оқыту жүйесі тарихта алғаш рет орын алғасын, кемшіліктердің кетуі әрине, заңдылық. Көш жүре келе түзеледі. Президенттің берген тапсырмасы мен сын сөзі істің алға басуына, оқытудың бірізді жүйеге көшуіне жол ашатыны мәлім. Президентіміз сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдер мен оқушылардың араласуының орны бөлек екенін ескере келе, барлық санитарлық талапты орындай отырып, балалар қай жерде тұрса да сапалы білім алуы қажет екенін жеткізді. Бұл да бір - болашақта ел тізгінін ұстаушыларға деген жанашырлықтың көрінісі. Сонымен бірге Мемлекет басшысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады.

Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін, бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінетінін мәлімдеді. Заманның талабына сәйкес, қазір онлайн білім беруге көшкенімен, мұғалімдерге жүктелетін міндет пен жауапкершілік өте зор. Олардың жалақысын көтеріп, мәртебесін биіктету - әлбетте, құптарлық іс. Жаңа оқу жылы басталған тұста, ел Президентінің қолдауымен қанаттанған ұстаздар қауымы «балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірісеріне» сенімім мол.

Назгүл Хажитова

Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT