Көктем кезінде елді мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың тұтану жағдайлары көп кездеседі.
Бұл әдетте қоқысты үйіндеу және жағу кезіндегі талаптарды бұзу салдарынан туындайды. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі Ережелерінің талаптарына сәйкес қоқысты жағу, тек ашық аумақтарда, желсіз күндерде әртүрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтығында және алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қоқыс тек күндізгі уақытта тұрақты бақылауда ұсталып жағылуы, алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек.
Егер жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 336-бабына сәйкес жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға орта және ірі кәсіпкерлік субьектілерне қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ақгүл Әлібекқызы,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің
бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі