Кейінгі кезде далада тұрған қоқыс контейнерлерін жағу оқиғалары жиілей түсті.
Тұрғындардың көбі оның маңайындағы қатырма қағаздарды жою үшін оны жағып өртеуді дұрыс көреді. Алайда, бұл желдің күшімен өрттің аула аумағына таралу мүмкіндігі бар екенін ескермейді. Жақын орналасқан ғимараттарға да тілсіз жаудан қауіп төнетінін байқамайды. Сондықтан, қоқыс контейнерлерінің жанындағы жанғыш материалдарды жағып өртеуге болмайды.
Жазғы кезеңде елді мекендер аумақтарында құрғақ шөптер мен қоқыстардың жану жағдайлары көбейді. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы» Кодексінің 336 бабына сәйкес жеке тұлғаларға – 3, лауазымды тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған.
Ж.Абдуллаев,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты