Қоңыртерекке ұялы байланыс орнатылуда

(1 Vote)

Азғыр ауылдық округінің «2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылғы міндеттері туралы» хабарламасында округ әкімі Жасұлан Жаманқұлов атқарылған жұмыстардың жәй-жапсарын тізбелеп, жетістіктер мен шешімін күткен мәселелерден хабардар етті.

Округтегі жыл ішіндегі басты жаңалық «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда ауданы, Сайқын ауылынан Азғыр ауылдық окруігінің орталығы Балқұдық ауылына дейін 185 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісін жеткізгені. Күні бүгін Балқұдық ауылынан 69 үй интернет желісін пайдалануда. Сонымен қатар Азғыр ауылына «KCELL» ұялы байланысы қосылып, 3G жоғары жылдамдықты мобильді интернет желісін таратып тұр. Шетте жатқан Қоңыртерек ауылына «BEELINE» ұялы байланыс мұнарасы орнатылып, желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Балқұдық ауылынан 92, Азғырда 42, Қоңыртеректе 14 үй, барлығы округ бойынша 148 үйге «Газ құрылыс» және «Ысық» мекемелерімен  көгілдір отын тартылған. Хабарлама тыңдалғаннан кейін сөйлеушілерге кезек берілді.

Хамидуллина Үміт – ардагер ұстаз, зейнеткер:

– Әр жылда бір көшеден  болса да  міне осымен үш көшеміз түнде жарқырап тұр куанып қалдық. Осының бәрі бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі. Менің айтайын дегенім, Азғыр ауылында ауыз су жоқ. Жолдағы су құбыры қатып қалған деп айтады. Қыс аспанда қыстамайтыны белгілі, ол неге ерте қолға алынбаған, - деп округ әкімінің есептік хабарламасына  қанағаттанарлық деген баға берді. Жолдасының атындағы шаруа қожалығының келісімшарт мерзімі бітіп қалғанын, зейнеткер аудан орталығы шалғай болғандықтан оған бара алмайтынын айтып, оны ұзартуға көмек сұрады.

Округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Жүсіп Жабелов:

– Ауылда жұмыссыз жастар көп. Оларды оқытып, мұздатқыштар мен теледидар оңдайтын цех ашса, осы бағытқа баулыса, мемлекеттен жеңіл бағытта несие алып жұмыстарын жандандыруына ықпал жасалса дейміз. Округ әкімі барынша жұмыстарын жасап жатыр, бірақ, өзі жаяу жүр. Осыны ескеріп қызметтік көлік берілсе екен, - деді.

Ауыл тұрғыны, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Мансұр Қуаншалиев:

– Менің айтайын дегенім жоспарланған ЖӨӨ басқарудан түсетін қаржыны жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кеңесе отырып жалпыға ортақ халықтық қажеттілікке жұмсау керек. Мысалы, қорымдарды қоршау тағысын тағы осындай бағыттағы жұмыстарға. Округ орталығындағы Жеңіс көшесі бойына 4-фазалы электр сымдарын тарту қолдау тапқанын қалаймыз, - деп «Балқұдық» жері шетелдіктерге сатылыпты деген ел ішіндегі әртүрлі әңгімелерге ауданның жер қатынастары бөлімінің мамандары жауап беріп, нүктесін қойса деген ұсынысын ортаға салды.

azyr-esep-1

Қойылған сұрақтарға аудан әкімі Қ.Нұртаев және тиісті бөлім басшылары толықтай жауап берді.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521