Оқырмандар белсенділік танытты

(0 Votes)

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», деп алаштың ұлысы Ахмет Байтұрсынов айтқан осы айқындама ақпараттық қоғам қанша жерден цифрланғанымен құндылығын жойған жоқ.

Өйткені, газет – жұртшылықты жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, руханиятқа бойлататын, билік пен халық арасын байланыстыратын құрал. Ал, қажеттіліктен ешкім де бас тартпайтыны анық.

Аудандық «Серпер» газеті ауданымыздың даму қарқынын, экономикамыз бен әлеуметтік өсіп-өркендеуімізді, мәдениет пен оқу-ағарту, денсаулық саласындағы игі істерді жарнамалап, озаттар тәжірибесін насихаттап, әртүрлі бағыттағы тақырыптарды қозғап отырады. Мұның бәрі газет беттерінде кейінгі ұрпаққа шежіре болып сақталып қалады. Әр жылдардың саясаты, замана өзгерістері мен мәселелері оның сарғайған беттерінде қатталып тұр. Газет сарғайса да, тарих жадымыздан шықпайды. Өйткені, ол ата-бабамыздың кешегі өткен өмірі - келешек ұрпаққа нұсқаған даңғыл жолы. Айнагүл Шакупова бастаған бүгінгі газет редакциясы ұжымы да заман үрдісіне сай еңбек етіп, аға ұрпақтың игі істерін жалғай берері сөзсіз. Алғашқы саны шыққаннан бастап, Тәуелсіз еліміздің талай қиын-қыстау жылдарында да оқырман газеттен қол үзген емес. Барлық шақта да халықты бірлікке, ынтымаққа бастап, олардың еңбектерін айшықтап көрсететін жергілікті басылым бүгінгі күні оқырманымен ғұмырлы. Оқырманы жоқ басылым – қанаты жоқ құспен тең. Қазіргі таңдағы еліміздегі қиын жағдайға қарамастан аудан тұрғындары мерзімді басылымдардан, соның ішінде өзінің аудандық «Серпер» газетінен қол үзбей отыр.

Осы орайда, 2020 жылдың ІІ жарты жылдығына баспасөзге жазылу науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Мақаш, Еңбекші, Нұржау, Дыңғызыл, Байда, Сафон, Бірлік, Қиғаш, Орлы ауылдық округтері әкімдеріне ризашылығымды білдіремін.

Сонымен қатар, газеттің таралымын көбейтіп отырған Құрманғазы ауданының барша тұрғындарына ерекше алғыс айтқым келеді. Әрбір шаңыраққа денсаулық, қуаныш пен шаттық тілеймін! Алдағы уақытта да бірлігіміз жарасып, аспанымыз ашық болсын.

З.Жоламанова,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521