Сүйіндік жалпы орта мектебінде «Оқушы-ата-ана-мұғалім» тақырыбында жас мамандар мен машықкерлер арасында пікір алмасу өтті.
Шараны мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы алғы сөзімен ашты. Ол мамандардың шәкірт тәрбиелеудегі мақсаты оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденпаз, талапты азамат етіп білім беруге, сондай-ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу керек екенін айтып өтті. Жиынды мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Маратқызы мен мектеп психологі Саягүл Бауыржанқызының үштік одақ: үш тұлға, үш күш ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында сәлемдесу арқылы бастады. Ең әуелі жас мамандары мен машықкерлерге «топтасайық» арқылы топтарға (ата-ана, ұстаз, оқушы) бөлді. Халықта ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Тәрбиенің басты діңгегі-ата-ана, рухани демеушісі мұғалім, жемісі-оқушы деп шараны «Байлаулы бала» арқылы жағдаяттық сұрақтар арқылы жауап алды. «Ерікті микрафон» кезеңінде ата-ана, оқушы, мұғалімдер бір-біріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Машықкерлер де сұрақтан жалтармай, өте тартымды, ұтымды жауап берді. Жігерлі,мақсатына жететін мінезі жесісаң, арманшыл, насихатты тез қабылдайтын ойын түрінде «кубик-рубик» әдісі арқылы ортаға шашылған кубиктерден «бала-жұлдыз» сөзін құрады. Шара соңында кері байланыс ретінде «тілек шамы» бір-біріне шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Мектеп басшысы кештің өте сәтті өткенін айтып жас мамандар мен машықкерлерге білімді,іскер,педагогикалық өзгерістерге тез төселетінін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатынын айтып шараны қорытындылады.
Хасантаев Бауыржан,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің
педагог-ұйымдастырушысы