Құрманғазы ауылының Байтарал телімінде «ИнтерГаз Орталық Азия» Акционерлік қоғамы «Атырау» магистральды газ құбырлар басқармасының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес Құрманғазы газ шаруашылығы «Газ құбырындағы газ қысымының төмендеуі» тақырыбында оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығуға 14 жедел құтқару жасағы жұмылдырылды. Оқу жаттығу барысында газ желілерінде орын алған төтенше жағдайларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
А.Шакупова