Ауданымызда алдыңғы буын азаматтарының өлкеміздің өткенін зерделеп бүгінгісін тануға бағытталған өлкетану жұмыстары тұрғындар тарапынан қолдау табуда.
Бұл салада өнікті жұмыстар жүргізілуде. Біздің болашағымыз жас өрендерді бұл саладағы жұмысқа белсене қатыстыру үшін жастарымызды отаншылдық, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге серпін беруге әр мектептен «Өренді өлкетанушы» клубының топтары құрылған. Бүгінгі күні әкімдік, оқу бөлімімен келісіп атқарылған жұмысты жинақтап міндеттерімізді айқындап, алдағы жұмыстарымызды белгілеу үшін ұйымдастырылған шарамызға сәттілік тілеймін.
Мақсат: Шәкірттердің өлкені көруге көзін ашу, көңілдеріне дем беру, таным көкжиегін кеңейту.
1. Өзіңді тану – ұлтжандылық негізі.
2. Өзіңнің өткеніңді зерделеу: Саналық жетілу – Ұлтжандылықтың жолы.
3. Өзіңді сынау, бағалау, талдау. Ұлтжандылықтың орнығуы. Әлемдік өркениеттің дамуының қай сатысында екеніңді білу.
Ойлау жүйеңді жетілдіру. Саналық жаңғыру. І – Өзіңді тану отаншылдыққа баратын жол.
1. Отан – отбасынан басталады.
1 а) Жеті атаңды жердің жарығынан шыққан жоқсың.
б) Мектебіңді, ауылыңды, ауданыңды.
в) Облысыңды, республикаңды жете білсең – Отаныңды білесің, өзіңді танисың.
ІІ – Өзіңді өткеніңді зерделеу. Саналық, рухани дамыту – Отаншылдық, ұлтжандылықты қалыптастыру.
Патриотизмдік тәрбие. Саналық өсу – сананы жаңғырту, саналық жетілдіру.
а) Еліңнің артықшылығымен мақтану. Бабалардың ерлігі, өлкенің байлығы, мәдениетімен мақтану – рухани өсу, өрлеу.
ІІІ – Өзіңнің ойлау жүйеңді жетілдіру. Яғни қоғамның дамуын сараптауға ұмтылу, игеру.
а) Бүгінгімізге баға беру. Өз еліңнің, халқыңның әлемдік өркениеттің дамуындағы қандай деңгейінде екенін тани білу.
- Саналық мешеуліктен арылдық па?
- Рухани құндылығымыз.
Деңгейі қандай? Өркениеттің даму деңгейін анықтауда:
- Тұрмыстық әл-ахуал,
- экономикалық,
- әлеуметтік,
- саяси ұстаным.
Оларды зерттеу институттары бар.
- Ең бастысы адами болмысымыз:
Адамзаттық құндылықты сақтаудағы жауапкершілігіміз қандай?
Әділдікті ту етіп ұстап қорғау.
- Жақсы айтып, іс жүзінде керісінше жасамаймыз ба?
- Шындықтан аумау.
- Жағымды сөйлеп, істе жамандыққа барудан аулақ болу.
- Заңды сыйлау, оған бас ию.
- Табысты ақ – адал еңбектен табу.
- Адамдарды қабылдауда ізгіліктілік.
Осы қасиетті сақтағандар өркениетті халық, өркениетті ел. Өкінішке орай, біз толыққанды ол ортаға әлі жете алмай келеміз. Біздің жас ұрпақтар сондай елде өмір сүруі үшін тәрбиенің осы саласын жетілдіруіміз керек, ол жұмыстың басты бағыты болуға тиіс.
Қазіргі билік басында жүрген азаматтар көңілдегі және жұмыстағы ескінің салдарын жоюға күш-жігерін салуға тиісті. Нәтижесінде арамза әдеттен арылса, ол рухани жетілу. Ел президентінің жаңару реформасына белсене араласып, реформаны жүзеге асырады. Жаңа Қазақстан құруға үлесін қосады.
Рухани жетілу:
а) Өзіміздің ішкі дүниеміздегі келеңсіздікті жеңуге күшіміз жету.
б) Өз пікіріңді өзгеге тайсақтамай айту.
в) Әділеттілік жолында күресу.
Алдағы басты жұмыстардың қатарында:
1) «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» кітабының 3 – томына ауданымыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістерін баяндайтын фото-шежіре даярлау. Бұған барша тұрғындардың қатысуына жағдай жасалып, кітапқа енетін фотосуреттерге конкурс жарияладық. Белсене қатынасуларыңызға шақырамыз.
2) Ауданның қасиетті жерлерінің картасын даярлау жұмысы жүріп жатыр. Естіген аңыздарыңыз бен көне атаулары бар киелі жерлер жөнінде білген деректеріңізді музейге не кітап даярлау жөніндегі штаб жетекшісі Нұрлығайын Нұғымановқа жеткізулеріңіз сұралады.
Осы кезге дейін бұл тақырып жылы жабулы түрде жатты дей алмаймыз. Бүгінгі күні бір жүйеге келтіріп жоспарланған жұмысқа жаппай бет бұрыс жасау – «Өренді өлкетанушы» клубының басты мақсаты. Оны түсініп, қолдау жасаған басшысы бар қосшысы бар бәріңе рахмет.
Клуб жетекшісі: Өмірзақ Қажымғалиұлы Құрманғазы ауылы.