Осындай тақырыпта Құрманғазы ауданындағы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ерекше жандардың құрметіне мәдени шара өткізілді, деп хабарлайды «Серпер» газетінің тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанқанов Жігер ерекше қажеттілігі бар жандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ал, «Құрманғазы аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсара Қайырленова өмірге деген құштарлығы мен іңкәрлігі мол жандарға ақжарма тілегін арнап, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыс етті.
Одан әрі мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнерлерін паш етіп, көпшілікті тәнті қылды. Еске сала кетейік, елімізде мүгедектер күнін белгілеу туралы Жарлық шыққаннан бері атаулы күн жыл сайын үзбей аталып келеді.
Әділет АМАНГЕЛДІ