Қоғамдық келісім – татулық кепілі

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Оған аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров шараға облыстан арнайы келген лауазым иелерін таныстырып, күн тәртібіндегі мәселелерді атады.

Жандос Мнафихұлы өз баяндамасында ауданымыздың ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Ауылшаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, халықты жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек және оңалту турасында атқарылған бірқатар істерге шолу жасады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы, инвестициялық қызмет, бюджет және салық саясаты мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жүргізілген маңызды жұмыстарды тізбектеді. Коронавирус індетінің таралуының алдын алу мен оған тосқауыл қою бағытындағы аудандық штаб мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды.

Аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ақтілек Уахабқызы жоспарға сәйкес орындалған жұмыс есебін баяндады. Оның ішінде көп балалы отбасылардың және мүгедектердің тұрғын үймен қамтылуы, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жаңа жобалар, т.б қолға алынған көптеген нәтижелі шаралар қамтылған.

Содан соң аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Қуанышұлы сөз алды. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан Нұржау ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту және Құрманғазы ауылына көше жарығының құрылысын салу ісінің жай-жапсарымен таныстырды.

oamdy-otyrys-1

Облыстық Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ләззат Кеңесқызы қорғалған баяндамаларға жоғары бағасын берді. Облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдағы мән-маңызын тілге тиек етіп, бірлескен жобаларды жандандыруға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Аталмыш кеңестің бас сарапшысы Надежда Мырзағалиева жерлестеріне жүрекжарды тілегін айтты. Келген қонақтар жоспарлы жұмыстарды шебер ұйымдастырған аудан басшылығына, Қоғамдық келісім Кеңесіне ризашылығын білдіріп, естелік сыйлығын табыстады.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT