Қоғамдық кеңес жоспар жасақтауда

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық кеңестің құрылғанына он күнге жуық уақыт өтті. Десе де, бірқатар жұмыстарға жоспарлар жасақталыпты.

Бұл туралы, қоғамдық кеңестің төрағасы Талғат Жаудин мәлімдеді. Оның айтуыша, үш комитет құрамындағы яғни: экономика, бюджет, салық саясаты және кәсіпкерлік;, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі; құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі істерді қарайтын мүшелерден көрсетілетін қызметтер бойынша түрлі ұсыныстар келіп түсуде екен. – Біздің мақсат халық пен билік арасындағы көпір болу. Елдің үнін жоғарыға тыңдату, құлақ астыру. Осы ретте, алдыңғы құрам жасаған істі қайталамас үшін әр сала бойынша жылдық жоспар бекітуге тырысып жатырмыз. Қазір таңда білім саласы,  елді-мекенді санитарлық тазалау, шабындық, жайылым мәселелері, құрылыс пен жол сапасы жөнінде, шалғайдағы елді-мекендерге медициналық қызметтерді зерделеу, ішкі істер инспекторларын тыңдау, жастар арасындағы идеология туралы жобалап отырмыз,-дейді төраға. Осылайша, Құрманғазы, Байда, Еңбекші ауылдық округтері бойынша көгалдандыру жұмыстарының жәйі, кітапхана жүйесі жұмысының тиімділігін қадағалау, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары және соңғы кезде ел арасында дау тудырған проблемаларға қатысты тыңдаулар оздырылмақ екен.

Айта кетейік, жоғарыда ұсынылғандар алдағы кеңес отырысында әлі де талқыланып, бекітілетін болады.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT