Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі аумағында қосымша карантин іс –шараларының , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевичтің №4 қаулысы.
2.Ақкөл ауылдық округ әкіміне:
1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарын жапсын;
2) қоғамдық көліктің және таксилердің жұмысын шектесін;
3) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;
4) ветеринарлық бөлімнің мамандарын қатыстырып, қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тратуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, аула алаңдарын, ірі сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейту;
5) кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында карантин іс шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6) қызмет көрсететін үйлердің тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және карантин шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
7) жеке және заңды тұлғаларға арналған карантиндік туралы жадынамаларды көзге түсетін хабарлама тақталарына және басқа жерлерге орналастырсын;
8) кіре берістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалаудың күніне кеміне 2 рет жүргізуін қамтамасыз етсін;
К.Утаров,
Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері