Биыл еліміздің 750-ден астам елдімекенінде жаңа әкім халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.
Бұл сайлаудың бүгінгі күні еліміз үшін маңызы өте жоғары. Жалпы, мемлекетіміздің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара өтпек. Бұл да - еліміздің саяси дамуындағы жаңа бір кезең. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сайлау жүйесінің қайта жаңғырғаны айтулы жаңалықтардың бірі десек болады. Себебі біздің халық өзінің әкімдерін тікелей сайлап, сол арқылы өздерінің саяси құқықтарын кең ауқымда жүзеге асырудың тағы бір қосымша мүмкіндігіне ие болады. Ауылдық жерлерде көлеңкелі экономика басым. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтермей, ел экономикасын көтеру мүмкін емес екені баршаға мәлім. Осының бәрімен күресудің бір жолы – билік тетіктерін халықтың қолына беру. Сонда ғана тұрғындар өз ауылдарының тыныс-тіршілігіне араласып, мәселелерді шеше алады. Сонымен бірге осы науқанға баршасы бір кісідей ат салысып, белсенділік таныту әр азаматтың міндеті деп білемін.
Бержан Кенжебаев, аудандық мәслихат депутаты