Нәзік жандылар – құрмет төрінде

(0 Votes)

Көктемнің жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан әкімі Абат Жанғалиев аудандық және ауылдық округтердегі аналар кеңестерінің төрайымдары мен нәзік жанды сала басшыларын қабылдады.

Әр адамның еңбегі бағаланып, атқарған қызметінің жемісін көргені қуантарлық жағдай. Әсіресе, үй мен түздің тұрмыс-тіршілігін қатар алып жүрген әйел заты үшін мақтау мен мадақтау артық етпейді. -Шуақты көктемнің мейірі мен сүйіспеншілікке толы мерекесімен құттықтаймын.

Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шуақ кетпесін. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Әйел – мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмыста да еңбек етіп жүрген қоғам мүшесі.

Өздеріңізге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан танбай жүре беріңіздер- деп аудан басшысы ізгі тілегін арнады. Дастархан басына жиналған аналар кезекті жылы лебіздерін білдіріп, рухани демалыс пен мерекелік көңіл күй сыйлаған аудан әкімі мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Жиын соңында қатысушы аруларға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT