Біздің ұжым үшін ғана емес, ауданымыз үшін де жақсы хабарды жариялап, сүйіншілетпекпіз!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай әндерін орындаушылардың облыстық online ән байқауына қатысып, БАС ЖҮЛДЕНІ иемденген Сағындықов Жалғас пен Айсын Ермекті ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сонымен қатар директордың орынбасары Бекжан Төлегенұлының, Дүйсенғали Ғұмаров атындағы халық театрының режиссері Құлшаров Елдос пен қоюшы режиссер Ғапуова Айжанардың жеңіске бастау жолындағы сіңірген еңбектері үшін де алғысымызды білдіреміз! БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕДЕЛДІ ҰЖЫМ АТАНЫП. БИІК ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРА БЕРЕЙІК!
Г. Ермұратова