"Қарызсыз қоғам" әлеуметтік жобасы аясында "Қаржылық сауаттылықты арттыру" бойынша апталық оқу курсы Нұржау ауылдық округі клубында жалпы ауыл тұрғындары үшін ұйымдастырылып, өткізілді.
Курс барысында тыңдаушыларға отбасылық бюджетті қалыптастыру, несие алу және депозит ашу жолдары, банкроттық түрлері, қаржы пирамидалары және табысты көбейту жолдары тақырыбында дәріс берілді.
Тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап айтылды, жоба сарапшылары мен заңгерлері тарапынан кеңестер көрсетілді.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.