НҰРАЙЛЫМ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ОҚИДЫ. ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР- ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ СЕГІЗ ЖАСЫНАН БАСТАП СПОРТТЫҢ ТАЭКВОНДО ТҮРІМЕН АЙНАЛЫСАДЫ. ЖАСТЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІКТЕРІНДЕ ТАЛАЙ РЕТ ТОП ЖАРДЫ. 2023 ЖЫЛЫ АВСТРИЯНЫҢ ИНСБРУК ҚАЛАСЫНДАҒЫ «AUSTRIAN OPEN.G2», 2024 ЖЫЛЫ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ «FUDJAIRAN OPEN.11G2» ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «CHUNHEON OPEN INTERNATIONAL TAEKWONDO CHAMIOSHIPS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРІНДЕ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНДЫ.
Жақында Алматы облысы Шамалған ауылында жасөспірімдер арасында таэквондодан өткен Қазақстан Республикасы біріншілігінде Нұрайлым барлық қарсыластарын татамиде таза жеңіп, ел чемпионы атанды.
Алты жүздем астам жас таэквондошы бақ сынаған жарыста тағы бір жерлесіміз Мәди Жайберген қола жүлдеге қол жеткізді.
Айбек МЕЙІРМАН