Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін тағылымдамадан өткізу бағдарламасы негізінде Атыраудағы NIS-ке Атырау облысы, Құрмағазы ауданы, Сафон ауылындағы Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектеп ұстаздары келді.
Оларға арнап әдістемелік бірлестік жетекшілері бағдарлама бойынша ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Пән мұғалімдері, мектеп психологы сабақ жоспарлары мен іс-шаралар легін даярлап, арнайы жоспар бойынша барлық шараны абыройлы атқарды.
– Бұл тәжірибе алмасудан үйренгеніміз көп, – дейді ұстаздар.