Сафон ауылындағы 192-ші сайлау учаскесіне орыс ұлтының өкілі, байырғы тұрғын, 84 жастағы Кулакова Нина Васильевна аяқтай келіп дауыс берді.
Жасым біразға келсе де көршілерімнен қалмай, ұрпағымның ертеңін ойлап келіп тұрмын дейді әжей. Белсенділік танытқан кейуанаға учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Шұға Мұқышева ханым ризашылығын білдірді.