Өнім көлемі арта түсті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев 2019 жылдың қорытындысымен берген есепті баяндамасында өткен жыл аудан үшін табысты жыл болғаны, Президент Жолдауы мен Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша нақты істер қолға алынып, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгерілей түскені айтылды.

- Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2019 жылы 14 млрд.теңге болып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,8 млрд.теңгеге көбейді. Есепті кезеңде барлық меншік нысандарында көрсеткіштердің өсімі байқалады. 12449,9 тонна ет, 11970,3 тонна сүт өндіріліп, мүйізді ірі қара - 61785, қой,ешкі -183371, жылқы - 23846, түйе - 5167, құс - 3685 басқа жеткізілді. Аудандағы 5 ауыл шаруашылығы құрылымында 26020 бас асыл тұқымды Еділбай қойы, 303 бас асыл тұқымды түйе, 509 бас асыл тұқымды жылқы малдары өсірілуде. Жыл ішінде асыл тұқымды малды сатып алғаны және тұқымдық түрлендіруге қатысқаны үшін 90 шаруашылық субъектілеріне барлығы 105 млн.теңге субсидия төленді.

img_9778

img_9788

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысушылар қатарына есепті жылдың соңында «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қосылды. Ет бағытындағы жылдық қуаттылығы 312 тонна құс етін өндіретін құс фермасы жұмысын бастады. Күні бүгінге 9 тонна құс етін өндіріп, көтерме саудада келісін 850, бөлшек саудада 900 теңгеден халыққа қол жетімді бағада ұсынып отыр. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 890 гектарға, тамшылатып суару технологиясымен өсірілетін егістік көлемі 286 гектарға жетті. Балық аулаумен айналысатын құрылымдармен 4703 тонна балық ауланып, алдыңғы жылмен салыстырғанда көлемі 966 тоннаға артты. 1976 тонна балық евростандартқа сай өңделіп, экспортқа шығарылды. Ауланған балықты өңдеу балық экспортын арттыру мақсатында Шортанбай балық зауыты толық қайта жаңғыртудан өткізілді, «Каспий балық» өндірістік кооперативі инвестиция тартып, жаңа балық өңдеу цехының құрылысын бастады.

img_9791

img_9796

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT