Өнерімен тәнті етті

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Өнер – өмір өрнегі» тақырыбымен Дина Нүрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің жылдық есептік концерті өтті.

Аудан орталығындағы аталмыш мектепте күні бүгін 242 оқушы көркем-эстетикалық бағытта білім алды. Оқушылар домбыра, баян, фортепиано, қобыз, хореография, вокал, бейнелеу өнері сыныптарында оқыды. Өнер мектебіне балалар 2-3 сыныптан бастап қабылданып, 5-7 жыл оқиды. Бұл білім ұясының Мақаш, Еңбекші ауылдық округтерінде және Бегалиев орта мектебінде бөлімшелері бар.

i

i

Салтанатты шараға ата-аналар, өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Көз қуантатыны өнер жолын таңдаған балалар көп екен. Мәдениет үйінің залын толтырды. Есеп беру «Балдәурен» ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы «Балбұлақ» күйімен ашылды. Өз сөзінде Дина Нүрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің директоры, жоғары санатты педагог, облыстық «Үздік менеджер» идеялар байқауының жеңімпазы Милана Боханова халықаралық, республикалық, облыстық өнер сайыстарында сенімді ақтап, жүлделі орындардан көрінген шәкірттердің есімін құрметпен атап: – «Үздік педагог-2019» байқауында домбыра пәнінен Гүлмира Сидағалиева, фортепиано пәнінен Мадина Бекешова, домбыра пәнінен Индира Есенғұлова жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар республикалық интернет байқауының жүлдегерлері, «Педагогикалық креатив» тақырыбында домбырадан сабақ беретін ұстаздар Нұргүл Мусина І орын, Гүлмира Сидеғалиева ІІ орын алды. Д.Нүрпейісова атындағы қыз-келіншектердің арасындағы аудандық домбырашылар байқауында Гүлмира Сидеғалиева екінші, Анар Қабылова, Бақытгүл Оразова үшінші орыннан көрінді. Аудандық педагогикалық оқулар байқауында фортепиано пәнінің оқытушысы Гауһар Ниеталиева жүлделі ІІ орынға ие болды. Облыстық қосымша білім берудің 100 жылдығына орай өткен аудандық мәдениет үйінде қосымша білім беру педагогтарының облыстық форумы ұйымдастырылды. Осы шарада өнер мектебінің ұстаздары, фортепианодан Айгүл Нұрлыбаева, вокалден Гүлзада Кенжешова, музыка теориясынан Валентина Бабушкина, домбырадан Гүлмира Сидеғалиева, хореографиядан Бақыт Ислямова, бейнелеуден Ақмарал Хамзина, Ерғанат Сағындықов, Гүлдана Бисенғалиева аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен, Нұргүл Мусина облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды, - деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT