"Өнерді өміріне серік еткендер"

(0 Votes)

Мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Өнерді өміріне серік еткендер» атты мерекелік кеш өтті.

Салтанатты шарада сала ардагерлері мен қызметкерлерін аудан әкімі Қайрат Нұртаев құттықтап: – Бір сөзбен айтқанда талай дарындар мен бойында өнері тасыған өрендер, хас жүйріктер, сала саңлақтары бәрі де осы мәдениеттің арқасында халық қадірлісі, ел қалаулысы атанып, есімдері өшпейтіні өмір шындығы. Мәдениет саласында қызмет атқарып, өнерімен көрерменін сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейтін жауапкершілігі жоғары мамандық екені де рас. Бұл сала рухани өміріміздің мәйегі. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Халқымыздың қазынасын толықтыратын шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, мол қуаныш, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - дей келе Атырау облысы әкімі аппаратының алғыс хатымен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанованы, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Анар Мусинаны, аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Бақыт Ғабдолованы, мәдениет саласының ардагерлері Сақыпжамал Сұлтанованы, «Үздік мәдениет қызметкері» Гауһария Төкестаеваны, аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Люда Рахметованы, Нұржау,Ақкөл, Сафон ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары Бақыт Ақмұханованы, Жаннат Сидеғалиеваны,Нұрлан Өтегеновті, әнші Раушан Сәрсенованы, Төлеген Ахметжанов атындағы халық ұлт аспаптары оркестрінің дирижері Алмазия Жахинаны ұлығылады.

m

m

0

0

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT