Мен Халменова Виктория Валерийқызы 1979 жылы 26 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданында Сартоғай ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым неміс. 1998жылы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылына көпұлтты қазақ отбасы ҰОС ардагері Халменов Ибн шаңырағына "келін"атандым. Көп ұлтты отбасы болғанымен қазақ ұлтының салт дәстүрін ұстанатынды. Осы шаңыраққа келін аталғалы қазақ тілінде сөйлеп,салт дәстүрлермен таныса бастадым. Осы шаңырақтың тәлім-тәрбиесін көре,біле отырып,түрлі сайыстарға,теледидар бағдарламаларына қатысып келемін. Мен-неміспін! Бірақ жүрегім-қазақ деп соғады. Өйткені қазақ елінің менің ұлтым үшін жасаған игі ісі көп-ақ.Сол сұрапыл соғыс кезінде менің қуғын-сүргінге ұшыраған атам Андрей Егорович,әжем Эмма Фридриховна қазақ еліне келіп қоныстанған болатын. Атамнан тараған ұрпақ менің әкемнің апасы Лидия, ағасы Александр,әкем Валерий,інісі Владимир.
Барлығы да өз ауылымызда еңбек етіп, өз үлестерін қосуда. Осындай шалтты өмір сүруге,ұрпақ жаюға мүмкіндік берген кең пейілді қазақ халқына алғыс күні ,,Алғыс айтсам,,деп шештім.
Алғысымды Құрманғазы ауданындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Хасенованың ұйымдастыруымен күні кеше өткен Ассамблеяның 25жылдығына арналған және осындай шараларды ұйымдастырып, барлық өзге ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинай білген ақжарқын, кең пейілді әйел үлгісіне мың сан алғысымды жолдаймын.