Негізгі бағыт – цифрлық жүйеге көшу

(0 Votes)

Мемлекет басшысы мың құбылған жаһандық әлемдегі экономикалық жағдайға тоқталып, оны дамытуда инвестицияның маңызы зор екенін атап өтті.

Осы ретте Үкіметке инвестициялық саясатты қайта қарау туралы бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, инвестицияны өңдеу және қайта өндіру саласына тарту, қажет болған жағдайда жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдіктер ұсыну, мемлекет пен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару керектігін айта келіп, инвестиция тарту жүйесін толық жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жоспарын қысқа мерзім ішінде дайындауға міндеттеді.

Жасанды интеллектіні мектеп бағдарламасына енгізу, қажет болған жағдайда арнайы оқулықтар әзірлеу, қазақ тілінде цифрлық мектептер ашу, мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету, қашықтан оқыту және жасанды интеллект негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді де тапсырды. «Бұған қоса «Ғылым – Білім – Инновация» үштігі бірлесе отырып, адами капиталды дамытуға жұмыс істеуі қажет. Керек болған жағдайда шетелдік мамандарды немесе шетелде жүрген отандық ғалымдарды елге тарту маңызды» деген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдаудың халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, табысын өсіруге бағытталғанын қаперге беріп, оны еліміздің қысқа және орта мерзімді экономикалық даму жолының нақты жол картасы деп айтуға болатынын жеткізді.

Президентіміз бірқатар өзекті мәселелерді ашық айтып шешу жолдарын да ұсынды. Айтылғандар жүзеге асатын болса Қазақстанның көркейетініне толық сенімдімін.

Әсел ДҮЙСЕМБИЕВА,

Құрманғазы агарлы-техникалық колледжінің әдіскері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT