Негізгі бағыт халық тұрмысын жақсарту

(0 Votes)

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында індет кезіндегі ел дамуының басты бағыттарына тоқталды.

Кейбірін тілге тиек етсек, Қасым Жомарт Кемелұлы 4,5 миллион адамға 42500 теңгеден 450 млрд. қаражат төленгенін айтты. Бұл қолдау пандемияның таралуы жағдайында өз жемісін берген. Мұндай қаражат бізден өзге елдерде бөлінбеген. Президентіміздің мәлімдеуінше ДСҰ тәжвирустан толық шығу үшін кем дегенде 2 жыл керек деген болжамын алға тартып отыр. Барлық шешімдер мұқият болжамдалуға негізделуі тиіс. Сонымен қатар экономиканы қолдауға Ұлттық қордан 1 трлн. теңге қаржы қаралып отырғанын жеткізді. Мемлекеттік және квази мемлекеттік секторларда басқару аппаратын қысқарту қажеттігіне тоқталды. Мысал ретінде министр мен жауапты хатшы екеуі бір міндетті атқаратындықтан, кейде бір-біріне қайшы келетіндіктен, жауапкершілік тек біреуінен сұралғаны дұрыстығын жеткізді. Осылай ету арқылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндік тумақ.

Сол сияқты Президентіміз жеке шаруашылықтар ауылдық жерде миллиондаған адамдар үшін табыс көзі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ынталандыруды тапсырды. Бұл бағытта қаржы алыпсатарларға емес негізгі өнім өндірушілерге бөлінбек. Шағын және орта бизнеске де қолдау көрсетілмек. Бұл үшін қаражат бөлумен қатар бизнес климат реттелмек. Мемлекеттік реттеу тек адам денсаулығы мен экологияны қорғау мақсатында ғана жасалмақ. Бизнеске кез-келген заңсыз араласу қылмыс болып саналады. Елімізде шағын және орта бизнестің экспорттық әлеуетін қолдауды күшейту керектігі де назардан тыс қалмады. Жолдауда Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға, 4 млн. адамды қамтуға жеткізу қажеттігін тапсырды. Жалпы бұл Жолдауда біраз мәселелер қамтылды. Барлығы да қазіргі заман талабына сай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондықтан ел ағасы ретінде сіздерді Жолдауға қолдау көрсетуге шақырамын.

Қадырбай Жармұхамбетов, Құрманғазы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT