NEET санатындағы жастармен кездесті

(0 Votes)

Қазіргі қоғамда NEET санатындағы жастар тобы бар. Бұл ұғым кейінгі жылдары көбірек айтылғанмен, ондай жастардың бұрыннан бар екені жасырын емес.

Сонымен NEET жастар дегеніміз қоғамда не жұмыс жасамайтын, не оқымайтын қыз-жігіттерді айтамыз. «Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңнан астам жастар шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ. Сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек», - деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар аудандық жұмыспен қамту орталығынан, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, өздерінің толғандырған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. Осы санаттағы жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кездесудің басты мақсаты болып табылады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Базарбай Өтеулиев, «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қорының жетекшісі Азамат Абдуллаев және «Азаматтық орталық» КММ маманы Балжан Жұмалиева түрлі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері, қысқа мерзімді курстар және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар туралы түсініктеме берді. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Қазихановтың айтуынша, ауданымызда мұндай санаттағы жастардың саны – 18. Сондай-ақ, кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігі туралы, олардың жұмысқа орналасудағы рөлі, жас кәсіпкердің қажетті дағдылары және т. б. жайында сөз болды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT