NEET санатты жастармен жұмыс

(0 Votes)

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған бір күндік семинар-тренинг өткізді.

Оның жұмысын ашқан аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұргүл Сұлтанова NEET санаты дегенге жалпы түсінік беруден бастады. – Бұл атау ағылшын тіліндегі Not in Education, Employment, or Training деген сөздерінің алғашқы әріптері негізінде пайда болды. Жалпылама тілде айтсақ, оларды оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жас шамасы 15-28 аралығын қамтитын адамдар тобы деуге де келетін шығар. Қазіргі уақытта арамызда осындай 10 пайыздан аса оқығысы, жұмыс істегісі, өмірге талпынғысы келмейтін бойкүйез жастар бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ондай топтағылардың санын төмендетуге жұмыстануымызды міндеттеді.  NEET санатындағыларға түрлі жағдайларға тап болғандар да еніп кетуі мүмкін. Мәселен, олардың арасынан саналы түрде қоғамға пайдасын тигізгісі келмейтіндермен қатар бала күтіміндегі жас аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері немесе өзіне деген сенімділігі жоқ тұйықталып қалған жастарды кездестіруге болады.  Сондықтан аталған топтағылар неліктен жұмыспен қамтылмай отырғандығын зерделеп алғанымыз жөн. Бұл семинар барысында оларды ортаға қалай тартуға болады деген сауалдардың шешімін табатын боламыз, - деген ол тренингтің жұмысының жүруімен таныстырды.

352aa8e6-6015-4c35-b9ec-f10053f139ed

Бұдан соң қатысушылар топтарға бөлініп, NEET санатындағы жастардың портретін жасау арқылы ондайларды ортаға бейімдеу, олармен жұмыс жасаудағы халықаралық тәжірибелерге сүйену сияқты тапсырмалар бойынша жұмыстанды. Тренингтің коммуникациялар және келіссөздер жүргізу блогында шетелдік тәжірибені өзімізде жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Еркін сұхбат бөлігінде семинарға қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Семинарды қорытындылаған аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Елшат Асқар NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын мамандар үшін үлкен көмегін тигізген тренингтің өз мақсатына жеткенін атап өтіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

 

Айбек НӘЖІМОВ

 

                                                      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521