Не деп басқа сөз айтамыз, біз пақыр

Рейтинг: 5 / 5

Әлия Өтегенқызына!

Бұл індет ауыздықталды деп бөрікті аспанға атуға әлі ерте. Қанша ма жақсылар мен жайсаңдардан айырылдық. Құрманғазы топырағы түгел азалаған бірегейлер қанша ма? Соның бірі-аудандағы белгілі ұстаз, ардақты ана, жүрегі мейірімге толы Әлия Өтегенқызы, Жұмақай жары алғашқылардың бірі болып қармаққа ілінді. Жыл толды, қайғы семген жоқ, көз жасы құрғаған емес, сондықтан сақтанғанның артықтығы жоқ.

Автордан.

Дауа барма қарақшыға қанды ауыз,

Батпайды оған біз көңілдің сарнауы.

Ана еді, әлдилеген әлемді,

Алып тынды "ковид" деген жалмауыз.

 

Қайғы сембес, еңіреген ел келмей,

Жас құрғамас сергелдеңмен сенделмей.

Қайтейін- ау,  мынау шолақ дүние,

Бесік қалды, әже- қолмен тербелмей.

 

Өтті бастан азалаған ала таң,

Жүректерден тамшылады қара қан.

Осындайда бола ма екен, дегендей,

Алақ- жұлақ таң қалады балапан.

 

Ер шайқалды болғанымен емендей,

Басу айтты, сөз тапқыш қой, кемел кей.

Жыл өткенмен жүрек әлі сенбейді,

Жай жымиып бір күні кіріп келердей.

 

Әр жүрекке күйінішті шоқ тастап,

Одан өзге амал қанша, жоқ басқа.

Аяулы жан, артым, халқым, аман қал,

Деді ме екен: " Кетейінші, көш бастап!".

 

Дүр сілкінтті, іргелі ауыл, бұл көпті,

Тебірентті жүрегінде жылт жоқты.

Қара өлімге қайтып қана қиясың,

Қара нардай бұлт үйелеп, бұлт шөкті.

 

Ошағында оты қалды-ау, қызарып,

Жүрген жайсаң көлеңкесі ұзарып.

Қайғымызды қайтсін біздің бұл өмір,

Өз бағыты, күнде қыз- қыз қызады.

 

Есімізде бөліп жеген жарты нан,

Жетпедік пе, тірісінде парқына.

Жүректерге қанжар сұғып алғандай,

Жақсы- жайсаң көп ілесті,артынан.

 

Бір жыл өтті, кебісінен із жатыр,

Жоқтау көңіл жабығыңқы сызда тұр.

Бір Алладан болсын дейміз қалғаны,

Не деп басқа сөз айтамыз, біз пақыр.

 

                                                                                                    Таңатар Дәрелұлы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика