Індет кезінде өмірден озған жерлестеріміздің жандары жаннатта болғай!

(0 Votes)

Төрткүл дүниені әбігерге салған, ХХІ ғасырда адамзаттың басына түскен қауіпті індетті еңсеру қай елге болмасын оңайға түсіп жатқан жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін халыққа Үндеу жасап, қажетті барлық шараларды қабылдап, денсаулық сақтау мен басқа да атқарушы органдарға шұғыл тапсырмалар беріп, пандемиядан қайтыс болған азаматтарды еске алу мақсатында бүгінгі күнді Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сырқаттың өсімі күн санап өсіп келетіні - қорқынышты жағдай. Оның ішінде біздің облыста ахуал өте жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз. Аудан бойынша да жағдай мәз емес. Күн сайын әр жерден қайғылы хабар естіп, көңіліміз қобалжуда. Осыған орай көп нәрсе өзімізге, тұрғындарға байланысты.

Карантин талаптарын орындап, ақ халатты абзал жандарға қолымыздан келіп тұрған көмегімізді аямайық!

Індет кезінде өмірден озған жерлестерімізді, отандастарымызды еске алып, аза тұтып, олардың арттағы ұрпақтарына қайырлы ғұмыр тілейік!

А. Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521