Індет кезінде көрсетілген көмек

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның төрағасы Жұмақай Ғұмаров күн тәртібінде бір мәселе – аудан әкімінің 2020 жылдың І жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі тыңдалатынын қаперледі. Аталмыш хабарлама газетіміздің алдыңғы сандарында жарияланғандықтан, оған тоқталмауды жөн көрдік. Пандемиялық ахуалдың өңірге әсері, ел ішін кезген індетпен күрес қалай жүргізілгені, науқастардың бүгінгі жағдайы туралы мәлімет те әкім есебінен көрініс тапты.

Осы індет кезінде ауданымыздың тумалары ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Б.Ізмұхамбетов, облыстық мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин, облыстық мәслихат депутаты С.Сұлтанов 3 оттегі концентраторыналса, Рамазановтар отбасы оның 10-на демеушілік жасады.

Одан басқа, «Құрманғазы» қоғамдық-қайырымдылық қоры және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 16 оттегі концентраторы, 600,0 мың теңгенің дәрі-дәрмегі, 84,0 мың дана медициналық шприц пайдалануға берілді. Жұмекен ауылында орналасқан провизорлық бөлімшеге демеушілер арқылы 60 кислород балоны, 28 оттегі концентраторымен көмек ұсынылды.

Аталған бөлімшеге жеке кәсіпкер Б.Кенжебаев салқындатқыш қондырғыларын орнатып берді. Сонымен бірге, аудандық орталық аурухана есебінен барлығы 11420,4 мың теңгеге қажетті қорғаныс құрал жабдықтары (бір реттік қорғаныс костюм жиынтығы, бір реттік халаттар, бір реттік комбинезон, респиратор клапансыз, бір реттік қолғап, бетперделер, қорғаныс резіңке етік және т.б.) сатып алынды, - дей келе, Қайрат Талапұлы түрлі сала бойынша алты айдағы көрсеткіштен хабардар етіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT