NCOC-тың тыл ардагеріне тартуы

(0 Votes)

NCOC компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық жобасы шеңберінде Атырау облысында тұратын ардагерлерге 53 дана «Jay-5» маркалы оттегі концетраторын тарту етті.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл игілікті іс аясында бұл құрылғылар тыл еңбеккерлеріне табысталды. Егде жастағылардың тыныс алуына аса қажетті аппаратттың 3 данасы Құрманғазы ауданына бөлінді. 

Оның бір данасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев Орлы ауылының тұрғыны, тылда аянбай еткені үшін 1947 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған Ағиба Доскариеваның қолдануына берді. Бұл құрылғы жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, өкпені және миды оттегімен қамтамасыз етуге арналған. Оттегі концетраторының бір екешелігі үй жағдайында оны кез-келген адам өзі қосып, пайдалана алады. Әр қайсысының құны 240 мың теңге тұратын қалған құрылғылар жүрегі мен өкпесінде кінәраты бары туралы дәрігердің анықтамасы бар зейнеткерлерге берілмек.

 

И.РЫСҚАЛИЕВ,

Орлы ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT