Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу АКЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ
Атыс қаруларымен, оқ – дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың сәуір айының 25-нен бастап халықтан Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі.
Мемлекет азаматтардан өз еріктерімен бұрын ішкі істер органдарында есепте болмаған заңсыз сақтаудағы қаруларды қабылдап алып, оларға олардың санатына сәйкес түрлі мөлшердегі сыйақылар береді. Сыйақыны беру арнайы құрылған комиссияның шешімімен қаруы қабылданып, арнайы тексерістерден өткен соң, қарудың материалдық жай – күйін ескере отырып арнайы ережеге сәйкес 3 санатқа санатталады.
- иір ойықты автоматтарға – 306300 теңгеге дейін
- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 153150 теңгеге дейін
- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға – 122520 теңгеге дейін
- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 91890 теңгеге дейін
- жарақат салатын қарулар – 30630 теңгеге дейін
- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 21441 теңгеге дейін
- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 18378 теңгеге дейін
- иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін – 87,52 теңге. Көнеден қалған көз деп, аталардан қалған қаруды сақтау, одан кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру заңсыз сақтау болып табылады. Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді, өз еріктерімен Ішкі Істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, ПБ «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұрайды. Құрманғазы аудандық полиция бөлімі осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде сыйақы алу үшін тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.
МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ. МЕРЗІМ ӨТЕ ТЫҒЫЗ АСЫҒЫҢЫЗ!!!
Қауырт желі: 2-11-89, 2-11-70