Назар аудар, жүргінші!

(0 Votes)

Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімінде әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.

Бөлім басшысы майор Е. Мухамбеталиев ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының тыйылмай тұрғанын қаперледі. Осы жайт аясында орын алған әкімшілік-қылмыстық фактілерге тоқталып, өткен жылмен салыстырмалы талдау жасады. Жаңадан өзгеріске енгізілген 611, 612, 613, 619-1, 345-1, 346 баптарына тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, лауазымды тұлға жол-көлік ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік танытуға шақырды.

Әуесқой автомобильшілері қауымдастығының хатшысы А. Шарипов «жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысынан үзінді келтірді. Жиналыс соңында «Қызметтік немесе қызметтен тыс уақытта өз жекеменшік автокөлік құралдарын басқару кезінде алкогольдік, уытқұмарлық, масаң күйінде ұсталған және оны тиісті деңгейде уақытылы жоғары уәкілетті органға баяндамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке немесе қызметінен босатуға құжаттары жинақталатындығы қаперге алынсын» деген хаттамалық шешім қабылданды.

Б.Назаров ҚІЖБ басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT