Ұлыстың ұлы күніне орай аудан орталығында тігілген киіз үйлердің жанында және оған қарама-қарсы бетте ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде «Құралай» нан-тағам комбинаты, «Амангелді», «Каспий Таңы» өндірістік кооперативтері, Ақылбек Қайсағалиев және басқа да жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін жайып тастапты. Келімен есептегенде жаңа ауланған балық өнімдерінен сазан -1000, алабұға, құты – 300, қарабалық, табан - 400 теңгемен сатылып жатқанын көрдік.
Одан өзге кепкен, ысталған балық өнімдерін де тұрғындар саудалауда. Іргелес Ресейдің Астрахан облысынан келген «В.Ковалев» пен аудандық «Ақсарай» жеке кәсіпкерлігінің иісін бұрқыратып, істікке түйреп, оттың қызуына қақтап пісірген кәуаптарын да алушылар көп.